Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай «Шақырылымды ас» қайырымдылық акциясы өткізіледі
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан студенттері Альянсы мен «Қамқор» студенттік волонтерлік қозғалысы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай «Шақырылымды ас» қайырымдылық акциясын өткізеді.
Бұл ақпаратты аталған ұйымдардың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ұлы Жеңістің 65 жылдығы Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем үшін маңызды. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету және ардагерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қолұшын беру - біздің басты мақсатымыз. Осы орайда ұйымдастырылғалы отырған «Шақырылымды ас» акциясы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналады», делінген баспасөз хабарламасында.