Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадты тікелей трансляция арқылы тамашалауға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің басты алаңында өтетін Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған айтулы әскери парадты тікелей трансляция арқылы барлығы көре алады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадты тікелей трансляция арқылы тамашалауға болады

Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының тұрғындары әскери парадты Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан , республикалық телеарналардан, сондай-ақ барлықалаңда орналасқан LED-экрандардан тікелей эфир арқылы көре алады.

Естеріңізге сала кетсек, аталған парад тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ауқымды, әрі айтулы парад болмақ. Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық түрлерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан бес мыңға жуық әскери қызметші, сондай-ақ екі жүз бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік авиация ұшағы мен тікұшағы қатысады.