Жеңістің 70 жылдығына байланысты 193 мың адам бостандыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына орай 193 мыңнан астам адам рақымшылықпен босатылды, деп хабарлады «Коммерсантқа» Ресей Федералдық Жазаларды орындау қызметінің директоры орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Валерий Максименко.

Жеңістің 70 жылдығына байланысты 193 мың адам бостандыққа шықты

«Рақымшылық туралы қаулыны қабылданған күннен бастап 14 тамыздағы жағдай бойынша 193 мың 377 адам босатылды», - деп хабарлады ол.