Жеңістің 70 жылдығына орай алматылық 48 ардагерге мемлекеттік марапаттар табыс етілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов 48 ардагерге Жеңістің 70 жылдығына орай мемлекеттік марапаттар табыс етті.

Жеңістің 70 жылдығына орай алматылық 48 ардагерге мемлекеттік марапаттар табыс етілді

«Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауымызға аз ғана уақыт қалды. Осыған орай қаламызда ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін марапаттау мен ұлықтау шаралары өткізілуде. Мемлекет басшысы ардагерлерге құрмет көрсету туралы жақсы бастама көтерді. Мен Президенттің тапсырмасына орай сіздерге мемлекеттік марапат белгілерін табыстаймын», - деді қала басшысы.

Мемлекеттік марапатқа ұсынылған ардагерлердің біреуі үшінші дәрежелі «Барыс» орденіне ие болса, 15 ардагерге - «Құрмет» ордені, 17 ардагерге - «Ерен еңбегі үшін» медалі, 15 ардагерге ҚР Құрмет грамотасы табыс етілді.