Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде 22 мың шара өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде 22 мың шара өткізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың соғыс ардагерлерімен кездесуі барысында Ардагерлер орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев айтты.
None
None

«Осы жылы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай елімізде үлкен шаралар өтті. Жалпы, ел бойынша 22 мың шара атқарылды және халықтың ардагерлерге деген ықыласы ерекше болды. Барлық жерлерде де құттықтау, қошеметтеу, құрмет көрсету, көмек көрсету шаруалары атқарылды және әлі күнге дейін жалғасуда», - деді жиынды ашқан Ардагерлер орталық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев.

Оның атап өтуінше, осы жылдың ішінде 3 мыңға жуық ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнан бөлек, Астана қаласында И.Панфиловқа, Көкшетауда М. Ғабдуллинге ескерткіштер ашылды. Атырауда өңірден қан майданға аттанған аталарымыздың есімдері жазылған үлкен кешен бой көтерді.

«Басқа да жұмыстар кең өріс алды, 700-ден кітап шығарылды. Т.Бигелдинов, Б.Момышұлына, М.Мәметоваға арналған кино туындылары көрерменге жол тартты. 28 панфиловшыларға арналған кинотуынды аяқталуға жақын. жүздеген бейнефильм жарияланды», - деді ол.

Ө.Озғанбаевтың атап өтуінше, осы жылдың ішінде жүздеген ардагер баспанаға ие болса, көптеген майдангердің үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар