Жеңістің 70 жылдығына орай ҚР ҚК-інің әскери бөлімдерінде ардагерлер фотогалереясы жасалады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Мәңгі есімізде» - «Память вечна» акциясы басталды. Бұл шара қазақстандықтардың бірнеше буын ұрпағын біріктіреді, яғни оның ішінде сұрапыл соғыстың қиямет-қайымын өз көзімен көргендер де, осы жылдардың ызғарын естіп-білу арқылы ой түйгендер де бар, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жеңістің 70 жылдығына орай ҚР ҚК-інің әскери бөлімдерінде ардагерлер фотогалереясы жасалады (ФОТО)

Жеңістің 70 жылдығына орай Қарулы күштерде фотогалерея жасалады. Онда ҚР ҚК өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері және олардың ҰОС ардагерлері болған туған-туыстары көрініс табады. Бұл фотосуреттер арнайы баннерде орналастырылып, әскери бөлімшелерге ілінеді.

Фотогалеряда соғыста қаза тапқандар, соғыстан кейін дүниеден озған ардагерлер мен қазірге дейін көзі тірі ардагерлердің 1930-шы жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосуреттері қамтылады. Әр суреттің астына әскери қызметшінің және ардагердің аты-жөндері жазылады. Баннер дайындалғаннан кейін ол Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінде «Отан қорғаушылар» алаңында салтанатты түрде табысталатын болады.