Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасында Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

Рыпакова
Фото: ҚР ҰОК

Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз өзінің үздік нәтижесінде 6.11 метрге секірді.

Айта кетейік, дәл осы бағдарламада Диляра Хайбуллина жарыс жолына шыққан жоқ.

Алтын медальді қытайлық Инъин Хуан жеңіп алды - 6.48 метр. Қола жүлдеге Ха Тхи Тхюи Ханг (Вьетнам) ие болды - 6.10 метр.

Қазақстандық теннисшілер Астана турнирінің финалына шыққанын жазған едік.