Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
Фото: ҰОК

Ауқымды додада 32 спортшы медаль үшін сынға түседі.

1. Екатерина Авдеенко – жетісайыс

2. Виктория Ан – 200 және 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета

3. Юлия Башманова – 100 метр кедергілер арқылы жүгіру

4. Айана Болатбекқызы – 1500 метр

5. Нора Джеруто – 3000 метр кедергілер арқылы жүгіру

6. Дейзи Джепкемей – 5000 және 10000 метр

7. Надежда Дубовицкая – биіктікке секіру

8. Мария Ефремова – үш қарғып секіру

9. Александра Залюбовская – 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета

10. Аделина Земс – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400

11. Кристина Кондрашова – 4х400, 4х400 аралас эстафета

12. Елизавета Матвеева – биіктікке секіру

13. Анастасия Рыпакова – ұзындыққа секіру

14. Ольга Сафронова – 100 және 200 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета

15. Жасмин Тоқсанбаева – 20 шақырым спорттық жүріс

16. Антонина Чернышова – 100 метр кедергілер арқылы жүгіру

17. Алина Чистякова – жетісайыс

18. Анна Шумило – 4х400 эстафета

19. Артур Гафнер – найза лақтыру

20. Давид Ефремов – 110 метр кедергілер арқылы жүгіру

21. Виталий Земс – 100 және 200 метр

22. Вячеслав Земс – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400, 4х400 аралас эстафета

23. Иван Иванов – ядро серпу

24. Дмитрий Коблов – 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400, 4х400 аралас эстафета

25. Михаил Литвин – 4х400, 4х400 аралас эстафета

26. Эльнор Мухитдинов – 400 метр, 4х400, 4х400 аралас эстафета

27. Зелімхан Насыров – ұзындыққа және үш қарғып секіру

28. Андрей Соколов – 4х400, 4х400 аралас эстафета

29. Ефим Тарасов – 4х400, 4х400 аралас эстафета

30. Алмат Төлебаев – 100 және 200 метр

31. Максим Фроловский – 1500 және 5000 метр

32. Георгий Шейко – 20 шақырым спорттық жүріс

Айта кетейік, Азия чемпионаты 27–31 мамыр аралығында өтеді. 

Бұған дейін Қытайдағы турнирде Батырхан Төлеуғали қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар