Жеңіс Елемесов Байбектердің есімі аталған Қоспаев ісі туралы: Құқықтық баға берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Байбектердің есімі аталған Қоспаев ісі туралы пікір білдірді.

Жеңіс Елемесов
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- Байбекке қатысты ешқандай қылмыстық іс тіркелген жоқ. Әкесіне қатысты да, ұлына қатысты да. Қоспаевқа келсек, үкім оқылды. Тәркіленген мүлік бар. Бөлек шығарылған қылмыстық іс бар. Сол бойынша кейбір тұлғаларға құқықтық баға берілуі мүмкін, - деді ол.

Айтуынша, әңгіме Қоспаев пен жақтастарына түрлі жолмен көмектескен лауазымды тұлғалар туралы болып отыр.

- Бұл жерде құрылыс кезінде қандай да бір шешім қабылдаған, қылмыстық топқа көмектескен лауазым иелері бар. Бірде бой тасалауға, бірде активтерді жасыруға көмектескен, - деді Жеңіс Елемесов.

Еске салсақ, 30 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевтың ағасы Айбек Қоспаевқа қатысты сот үкімін шығарған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар