Жеңіс Қасымбек сол жағалау көшелерін неліктен су басқанын түсіндірді

Жеңіс Қасымбек
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде нөсер суы ағатын арық жолдарының жұмысы туралы сын-пікірлерге жауап берді.

«Түрлі жаңбыр, көктемгі қар еру кезеңдері өтті, тіпті су тасқыны қаупін тұрақты түрде өткердік деуге болады. Өткен жылы Момышұлы даңғылында, Петров көшесі мен Еуразия ауданында су басу мәселесі болған еді. Барлық мәселелер шешілді, жылдан-жылға проблемалық аумақтар саны азайып келеді. Мәселен, үш күн бойы жаңбыр жауып тұр, су басу мәселесін көрген жоқсыздар», - деді әкім. 

Сонымен бірге, Ж. Қасымбек сол жағалаудағы Тұран-Мыңжылдық аумағын неліктен су басқанын түсіндірді. 

«Біріншіден бұл аумақта құрылыс қызу жүріп жатыр, әлі толығымен қолдануға берілмеген. Бұл сұрақты да 1,5-2 күнде жылдам шештік. Біздің қаламыз қарқынды түрде өсіп келеді, жылына 4 млн шаршы метр баспана саламыз. Басқа да жаңа аумақтарда мұндай мәселе туындауы мүмкін, ең бастысы мүмкіндігінше жедел түзетуге тырысамыз», - деді елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар