Жеңіс күнін Қызылордада 2 соғыс ардагері мен 1700 тыл ардагері қарсы алды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 7 мамыр — Отан қорғаушы күніне және 9 мамыр — Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Қызылордада мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев майдангерлер мен сарбаздарды Отан
қорғаушы күнімен құттықтады.

Тыл және сала ардагерлері, мамандары «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жеңістің сексенінші көктемін облыстан 2 соғыс ардагері, 1700 тыл еңбеккері қарсы алып отыр. Олар Президент Жарлығымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін кеудесіне тақты.
Сонымен қатар 5 мамыр күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде жерлесіміз Арман Рақымовқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің генерал-майоры арнаулы атағын берді.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді.