Жеңіске жету үшін рухани күшті болу керек — Мейіржан Мәтжан
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысы атынан қатысатын спортшылар Астанаға ерекше құрметпен аттанды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шығарып салу рәсімі — облыс орталығы Қонаев қаласына кіре берістегі «Барыс» монументінің жанында өтті.
Делегаттар құрамында батыр мен елшілер, жаттықтырушылар, спортшылар, спорт ардагерлері, БАҚ өкілдері бар.

«Көшпенділер ойыны — ең алдымен, интеллект пен мінездің табандылығына ықпал етеді. Жеңіске жету үшін интеллектуалды дамыған, рухани күшті және физикалық дайын болу керек. Бұл қасиеттер көшпелі халықтардың мінезіне тән», — дейді көкпардан облыс жаттықтырушысы Мейіржан Мәтжан.
Өңір спортшылары жарыстың басты символы — «Көлсай көлдерінен» су алып, Астанаға аттанды.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысынан 12 спортшы ел намысын қорғайды.
Осыған дейін Алматыдан «Бірлік керуені» жолға шыққаны туралы жазған едік.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтеді.