«ЖЭО-2» газға ауысса, Алматының ауасы 30 есеге тазарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанадағы «Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 30 есе азайтады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында энергетикаминистрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбаевмәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Алматы қалалық табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша, 2016 жылы Алматыда жалпы зиянды заттар шығарындысы 285 мың тоннаны құраған. Оның ішінде «АлЭС» АҚ нысандарының үлесіне 11 пайызы (31,59 мың тонна) тиесілі. Сондықтан, кәсіпорынды газға ауыстыру ауаға бөлінген зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтады. Біз алдын ала есеп жасадық. Есептеуіміз бойынша, көмірден газға ауыстыру ауаға зиянды заттардың таралуын 30 есеге азайтады. Сондықтан, біз Мемлекет басшысының ЖЭО-2 кәсіпорнын газға ауыстыруды толығымен қолдаймыз», - деді Сәбит Нұрлыбаев.

Осылайша, «Алматы ЖЭО-2» кәсіпорнын газға алмастыру,сондай-ақ жеке секторды газға 100 пайыз алмастыру қаланың ауасын жақсартуға және ЖЭО-2 бөлетін зиянды заттардың мөлшерін 30 мың тоннадан 1,0 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіру жөнінде тапсырма берген болатын. Сондай-ақ, Президент Алматы қаласының әкімдігіне қоқыс қалдықтарын жинау, қорыту, жою циклінің түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар