ЖЭО-2 жолына қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылады - Астана

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - ЖЭО-2 жолына қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үстіміздегі жылғы 11 мамыр күні сағат 22.00-ден 25 мамырға дейін Алаш тас жолынан Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.
None
None

Астана әкімдігінің мәліметінше, аталған жоба шеңберінде инженерлік желілер мен қосымша автотұрақ орындарын салу, жолды кеңейту, жаяу жүргіншіге арналған жолдарды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, жаңа бағдаршамдар, жол белгілерін орнату қарастырылған.

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы автокөлік иелеріне ЖЭО-2 бағытына жолды алдын ала жоспарлап, келесі айналма жолды пайдалануға кеңес береді:  Алаш тас жолы - Ақжол көшесі - Пушкин көшесі, кері бағытта осы қозғалыс кестесіне сәйкес.

Соңғы жаңалықтар