«Жер алып беремін» деп адамдарды алдаған 62 жастағы әйел ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында полиция «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғады.

ШҚО-да пәтер алып беремін деп алты адамды алдаған алаяқ 56 млн теңге пайда көрген
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 62 жастағы әйел «жер телімін рәсімдеуге көмектесемін» деп, адамдардан ақша алған. Кейбір тұрғындардан 45 мың теңге, ал біреуінен 200 мың теңге алған.

Қазірдің өзінде 29 жәбірленуші анықталды.

Полицейлер бұл сан әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

— Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер дәлелдерді мұқият жинап, барлық жәбірленушілерді анықтаумен қатар, оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, — деп мәлімдеді департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ауданның экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар