Жер дауы немесе сұраныс ұсыныстан артық

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімін алу үшін азаматтардан келіп түсетін өтініштер саны жыл сайын артып келеді. Ал жергілікті атқарушы органдар сұранысты қанағаттандыра алмайтындарына қарамастан бұл өтініштерді тіркеп, кезекке қоюға міндетті. Қазіргі уақытта жерге сұраныс елорданың дамуының Бас жоспарының жобалық мүмкіндіктерінен 6,3 есе артық болып отыр, деп жазады елорданың ресми сайты.

Жер дауы немесе сұраныс ұсыныстан артық

«Өтініш бергендердің барлығына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер учаскелерін беру мүмкін емес. Себебі кезекте тұрғандардың саны (100 мыңға жуық адам) 2030 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген ауданнан 4 есе артық. Бүгінгі таңда 1000 учаске беру үшін өмірді қамту жүйелерімен жабдықтау және инфрақұрылымды дамыту үшін 6,5 млрд теңге бюджет қаржысы керек» - деді Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов.

Биыл қолданыстағы заңнаманың жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беруге қатысты нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Аталған топ қалада ЖТҚ жер учаскелерін алуға тұрған азаматтардың кезегіне талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша, кезекте тұрғандардың қатары әр түрлі. Сондай-ақ, адамдардың басым бөлігінің - 53 359 немесе 55,7% табыс әкелетін жер учаскелері, пәтерлері мен жеке тұрғын үйлері, басқа да жылжымайтын мүлік нысандары бұған дейін болған немесе қазіргі уақытта бар.

Бұдан басқа, кезекте тұрғандардың 11,3% іс жүзінде республикамыздың өзге өңірлерінде тұрады, сәйкесінше, бұл азаматтар елорда аумағында ЖТҚ жүргізу үшін жер телімін алуға мұқтаж жандар санатына жатпайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар кезекте тұрғандардың 1,6% құрайды. Олардың өтініштері қанағаттандырылып, ТҚЖ үшін жер учаскесі берілген жағдайда бұл санаттағы азаматтар сәулет-қала салу нормалары мен талаптарына қатаң сәйкестікте өз беттерінше құрылыс жүргізуге қабілетсіз және жер телімін игере алмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімін алу үшін азаматтардан келіп түсетін өтініштер саны жыл сайын артып келеді. Ал жергілікті атқарушы органдар сұранысты қанағаттандыра алмайтындарына қарамастан бұл өтініштерді тіркеп, кезекке қоюға міндетті. Қазіргі уақытта жерге сұраныс елорданың дамуының бас жоспарының жобалық мүмкіндіктерінен 6,3 есе артық болып отыр.

Мұнымен қоса, жұмыс тобына тартылған мемлекеттік органдар

ЖТҚ жүргізуге жер телімдерін беру мәселесі бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіп, қарастырды, шетелдік тәәжірибеге талдау жасады.

Мысалы, бұрынғы одақтас елдер Беларусь пен Өзбекстанда жеке тұрғын үй құрылысына ақысыз берілетін жер телімдері «Бір отбасыға - бір учаске» есебінен беріледі. Ресей Федерациясында өңірдің ерекшеліктері мен елді мекендердің нақты мүмкіндіктеріне қарай жеке тұрғын үй құрылысына ақысыз жер телімін беру нормасы әрқалай. Атап айтқанда, Мәскеу қаласында осы мақсатта тегін жер беру қарастырылмаған, ал федерацияның жеке аймақтарында мұндай норма қолданылады.