Жер халқының 67 пайызында ұялы телефон бар

АСТАНА.  Қазанның  7-сі. ҚазАқпарат -     Әлем  бойынша  ұялы  телефон пайдаланушыларының саны   биыл  рекордтық  деңгейге - 4 миллиард    600 мың   адамға жетеді. 

Жер халқының   67 пайызында  ұялы телефон  бар

 Бұл   Жер халқының   67 пайызы,  деп хабарлайды  «Маяк» радиостансысы.

Электробайланыстың  халықаралық одағының   болжамында осындай   мәліметтер  келтірілген.   Бұл болжамға   сәйкес,      ұялы   телефонды  пайдаланушылардың  саны бірінші кезекте     дамушы  елдердегі,  негізінен  Үндістан  мен Қытайдағы    көрсеткіштің есебінен     өсіп отыр.