Жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке қанша салық төледі

салық
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі еліміздің жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке қанша салық төлегенін жария етті.

«Энергетика министрлігіне берілетін лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есептерге сәйкес, 2022 жылы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке 13,3 трлн теңге, 2023 жылы 11,7 трлн теңге сомасына салық төледі. Төлемдердің төмендеуі әлемдік нарықтың баға конъюнктурасына, қарапайым сөзбен айтқанда, мұнай бағасының өзгеруіне байланысты», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, соңғы 2 жылда Қазақстан бюдетіне ең көп салық төлеген 5 компания мыналар:

- Теңізшевройл;

- Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.;

- Өзенмұнайгаз;

- Маңғыстаумұнайгаз;

- Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.

Соңғы жаңалықтар