«Жер қойнауы туралы» Кодекс инвесторларға жаңа «ойын ережелерін» қалыптастырады

«Бұл Қазақстанның минералды-шикізаттық нарықта жаңа жағдайлар мен «ойын» ережелерін енгізетін базалық құжат болмақ. Бұл өз кезегінде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді шешуге ықпал етеді», - деді Е. Больгерт.
Оның сөзіне қарағанда, қазбалы шикізатты өндіру көлемі жоғары деңгейде қалып отыр. Бірақ шикізаттық базаны ұлғайту жұмыстары артта қалып қоюда. Оның сөзі бойынша, бұл негізінен геологиялық барлаудың әлсіздігінен ғана емес, осы салаға салынып жатқан инвестиция көлемінің аздығынан болып отыр.
«Біз осы салада бетке ұстар елдердің халықаралық тәжірибелерін қарап шықтық. Бұл негізінен Канада мен Австралия. Осы жақында ғана палата австралиялық бизнесмендердің делегациясын қабылдады және Қазақстанға инвестициялау мүмкіндіктерін айтып бердік», - деді Евгений Больгерт.