Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген екі компаниямен келісімшартты тоқтату туралы іс бойынша шешімді Арбитраждық сот 2013 жылға қарай қабылдайды
деп хабарлады Қазақстанның Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.
2010 жылдың шілде айының соңында министрлік «Толқынмұнайгаз» және «Қазполмұнай» серіктестерімен жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттардың күшін тоқтатқан болатын. Нәтижесінде аталған компаниялардың меншік иелері Стокгольм қаласындағы Халықаралық арбитраждық сотқа шағым арыз берді.
Стокгольм сауда палатасының Арбитраждық соты 2010 жылдың 23 қыркүйегінде аталған мәселе бойынша дау-дамайды қарап шығып, сәйкес шешімді 2011 жылдың 26 сәуіріне дейін қабылдау туралы шешім қабылданған еді.
2010 жылдың 1 5 желтоқсанында жауап беруші және шағымданушы тараптардың және Арбитраждық сот регламентіне сәйкес тағайындалған арбитрлардың қатысуымен соттың бірінші тыңдауы өтті. Белгіленген регламентке сәйкес, даудың қаралу мерзімі ұзартылып отыр. Бұл іс бойынша ақырғы тыңдау 2012 жылдың 23 шілде айы 3 тамыз айының аралығында өтетін болады. Ал нақты үкім 2013 жылдың ақпан айына қарай шығарылады.