Жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті енді ХҚКО-дан алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметінен.

Жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті енді ХҚКО-дан алуға болады

Куәлікті алу үшін ХҚКО-ға өтініш, жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын, қызмет алушының жеке куәлігін, қызмет алушы уәкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (сенімхатты) ұсыну керек

ХҚКО-да жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы дайын куәлікті құжат тапсырған күнді есептемегенде бес жұмыс күні ішінде алуға болады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін ұсынылады. «Бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап пилоттық режимде ұсынылуда. Қызмет көрсету стандарты 201 4жылғы 11 мамырда заңды күшіне енуіне орай, ендігі жерде Қазақстанның ХҚКО-ларында жалпы негізде көрсетілетін болады»,- деп атап өтті «ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл Балташева. Бұдан бұрын жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті тек облыстардың және республикалық маңызға ие қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан ғана алуға болатын еді. Қазір қызмет баламалы болып табылады және оны жергілікті атқарушы органдардан да, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да алуға болады.