Жер қойнауын пайдалану саласында өткен алғашқы ашық аукционнан 1,5 млрд. теңге түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жер қойнауын пайдалану саласында ағылшын әдісімен алғашқы ашық аукцион өтті. Бастапқы құны 190 млн. теңгені құраған 49 нысанның ішінде 38 кеніш бойынша сауда өтті. Оның ішінде алтын өндіру, басқа да түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар, сонымен бірге жылтыр асыл тастар бойынша нысандар бар.
None
None

Аукционға қатысуға 92 компаниядан 106 өтініш түскен. Сауда ең жоғарғы баға ұсынғанша жүрді. Аукционға шыққан лоттардың 10-ы - пайдалы қазбаларды өндіруге, 28-і - барлауға құқық береді. Саудадан барлығы 1 млрд. 415 млн. теңге қаржы түсті. Атап өтетін бір мәселе, аукцион өткізу ҚР ИДМ-нің геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған механизмнің бірі болды.

Соңғы жаңалықтар