Жер қойнауын пайдалану туралы келісім комиссиясының ұсыныстары қабылданды - Мәжіліс

аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасауға, республикалық және өңірлік мүдделер мен минералдық-шикізаттық базаның үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжатта мемлекеттің басым құқықтарын жүзеге асыру мен жер қойнауын пайдалану құқығы бар заңды тұлғаларды жер қойнауын (оның бөліктерін) пайдалану құқықтарынан айыруға рұқсат беру (рұқсат бермеу) рәсімдерін егжей-тегжейлі реттеу шаралары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, заң жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын конкурстық жағдайда және тікелей келіссөздер арқылы беру көзделеді. Сондай-ақ құзіретті органдар бастамасы бойынша біржақты түрде жер қойнауын пайдалану шарттарының күші тоқтатылған жағдайда оны қайта жаңғыртуды қарастыратын ереже де енгізілді.

Талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған құжатқа бірқатар бағыттар бойынша өзгерістер енгізген болатын. Мәселен, стратегиялық маңызды ілеспе газды өңдеу арқылы тиімді пайдалану немесе қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау үшін мұнай химиясы өнеркәсібіне шикізат ресурстарын алуды қарастыратын түзетулер көзделген. Тоқтала кететін жайт, Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздың 12-сіндегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» №936 Жарлығына сәйкес мұнай мен газ және индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органдар құзіретінің ара жігін ажыратуды қарастыратын ереже де бар болатын. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдаланушыға оның осы құқығынан айырған жағдайда еншілес ұйым пайдасына құзіретті орган рұқсатын алудың құқықтық тетіктері қарастырылған. Жер қойнауын пайдалану мақсатында заң тәртібімен жерді резервтеуді қарастыратын ереже де енгізілген.

Жалпы келісім комиссиясының отырысына 20-ға тарта түзетулер шығарылған еді. Бұның 1-еуі Мәжіліс редакциясында, 7-еуі Сенаттың, қалғаны бірлескен редакцияда қабылданды.

Соңғы жаңалықтар