Жер орбитасында американдық және ресейлік жерсеріктері соқтығысып қалды

МӘСКЕУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Американдық коммерциялық «Иридиум» байланыс жерсерігі сейсенбі күні кешке жер орбитасында «Космос» сериясындағы ресейлік жерсерікпен соқтығысып қалды.
None
None
Оқиға Краснояр өлкесінің солтүстігінде шамамен 760-780 шақырымдай биіктікте орын алған. Апат салдарынан қалдық-қоқыстардың үлкен бір үйіндісі пайда болған. Бұл туралы НАСА-дағы дереккөзге сілтеме жасалып, CBS. телеарнасының сайтында хабарланып отыр. НАСА-дағылардың атап көрсетуінше, орбитадағы сынықтар Халықаралық ғарыш стансысына қауіп төндіріп отырған жоқ, бірақ одан төмендеу орбитада ұшып жүрген басқа жерсеріктерге әсері әзірге беймәлім.
Соңғы жаңалықтар