«Жер Сағатын» ғарышкерлер орбитадан бақылайды
Жер Сағаты - адамзат тарихындағы ең үлкен акция. Оның мақсаты - қоғамның назарын табиғатты қорғау мәселелеріне аударту. Өткен жылы акцияға 150 елден 2 миллиард адам қатысты. Акцияға қатысушылар Ғаламшардың болашағына алаңдайтынын білдіру үшін 29 наурыз күні сағат 20:30-да бір сағатқа жарықты сөндіреді. Сонымен бірге, аты әлемге әйгілі ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтары өшіріледі. «Жер Сағатындағы» жарықтың өшірілуін ғарышкерлер ХҒС-тан бақылайды. «Жыл сайын бүкіл әлемде «Жер Сағаты» акциясы өтеді. Бұл біздің планетамыздың жағдайына бей-жай қарамайтындығымыздың белгісі», - деді Тюрин видеоүндеуде. Ол сонымен бірге, әрбір адамның WWF-тың табиғатты қорғауға бағытталған жобаларының бірін қолдау мүмкіндігі бар екенін еске салды. Қазірдің өзінде әлемнің 95 елінің 1000-нан аса қаласы бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, ал олардың саны күн санап өсуде. Қазақстан бойынша Астана мен Алматы қалалары ресми түрде бұл шараға қатысатындығын жариялаған, енді басқа қалалар да олардың қатарына қосылмақ.