Жер серіктері әлемде ауаны ластайтын жаңа 500 нысанды тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер бетінің ластануына қатысты деректер төмендетілген, деп мәлімдеді ғалымдар. Зерттеушілер спутник мониторингі нәтижесінде бұған дейін белгісіз болып келген 500 ластау көзін анықтаған соң осындай тұжырым жасады.

Жер серіктері әлемде ауаны ластайтын жаңа 500 нысанды тапты

Washington Post газетінің жазуынша, атмосфераны ластаушы негізгі зат - ол күкірт диоксиді. Бұл зат жаһандық жылынуды жылдамдатып, адамзат денсаулығына қауіп төндіреді.

Оның басты көздері ретінде жанартау, мұнай өндіру зауыттары және т.б. көрсетіліп келді. Олардың барлығы ұлттық комиссиялардың есебінде тіркелгендіктен жер бетіндегі ауаның ластану ауқымы біршама нақты анықталып келді.

Алайда Канаданың Қоршаған орта және климаттық өзгеріс жөніндегі басқарманың жерсеріктері көмегімен жүргізілген жаңа ауа мониторингі ластанған бұлттар бағытын көрсетіп бұған дейін белгісіз болған күкірт  диоксидін тарататын 500 нысанның бар екендігін анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, осы ластау көздерінің дені әзірге нақтыланбады, оның 75-і жанартау, 39-ы техногендік нысан.

Олардың көбі 12-сі Таяу Шығыста орналасқан, шамасы мұнай мен газ өңдеуге қатысты. Қалғандары әлемнің әр түкпірінде жатыр (Азия, Африкв, Еуропа пен Америкада). Бұған дейін тіркелмеген ластау көлемі жылына 7-ден 14 млн тоннаға дейін жетеді.