Жер шары бойынша халықаралық спорттық ұшуға қатысушылар Атырауға келді

АТЫРАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауға Жер шары бойынша шағын авиация ұшақтарымен ұшу сапарын орындаушы халықаралық топтың қатысушылары келіп қонды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ жетекшісі Йохан Готманн хабарлағанындай әуесқой-ұшқыштардан тұратын топ Австрияда жасақталған. Оған АҚШ-тан, Австралиядан, Нидерландыдан, Ресейден, Швейцариядан, Германиядан және Австриядан келген спорттың авиация түрлері бойынша халықаралық федерациясының мүшелері енді. Олар шілденің 4-інде 11 жеңіл спорттық ұшақпен Австрияның астанасы Венадан Жер шары бойынша саяхатқа аттанды. Топ бұған дейін Түркия мен Арменияда болды. Атыраудан кейін олар Шымкентке бағыт алады, одан кейін Алматыда аялдайды.

Осы спорт шарасына қатысушылардың айтуынша, олардың мақсаты - спорттың авиациялық спорт түрін насихаттау, әртүрлі елдердің адамдарымен қауышып, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысу.

Соңғы жаңалықтар