Жер шарын ғасырлық мегақұрғақшылық күтіп тұр

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Таяу жүз жылдықта ең күшті құрғақшылық қарапайым құбылысқа айналуы мүмкін. Орегон штаты университетінің американдық зерттеушілері осындай қорқынышты болжам жасап отыр,
None
None

деп хабарлайды LiveScience.com .

«2000-2004 жылдарда Солтүстік Американың батыс бөлігінде орын алған құрғақшылық салдарынан атмосферадағы көміртектің байланысы екі есеге қысқарды. Егер де жаһандық парникті газдар шығарындылары тоқтатылмайтын болса, болашақта бұдан да жаман болады», - деп мәлім етті Орегон университетінің қызметкері Беверли Лоу.

Оның пайымынша, егер ауа райы жағдайы нашарлай беретін болса, онда ХХІ ғасыр тарихқа «мегақұрғақшылық» дәуірі ретінде енеді. Бұл кезең 80-95 жылға жалғасып, жауын-шашын барынша аз түсетін болады. Климаттық соққының жойқын болуы салдарынан Жер шарының көптеген бөлігі тіршілік етуге мүлем жарамай қалуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар