Жер шарындағы ең қарт әйел қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда 118 жасқа қараған шағында Жер шарының ең қарт әйелі Мисао Окава қайтыс болды. Бұл туралы оның соңғы бірнеше жыл тұрған медицинадық мекеменің өкілдері хабарлады.
None
None

Мисао Окава 1898 жылдың 5 наурызында Осака қаласына жақын орналасқан кентте, дәстүрлі жапондық кимоно дүкені иесінің отбасында туылды, деп хабарлайды ТАСС. Ол дүниеге үш бала әкелген, соның екеуі отбасылық ұзақ жасау дәстүрін жалғастырып отыр: олардың жасы 90-нан асады. Қартайған шағында құлағы нашар ести бастағанымен, әйелдің жалпы денсаулығы жақсы болды. Оның айтуынша, ұзақ жасауының ең басты құпияларының бірі - жақсы ұйықтау. Соңғы уақытта әйел күніне 15 сағаттан ұйықтаған,

Мисао Окава ешқандай арнайы емдәм ұстанбай, қалаған тамақты жей берген. Оның сүйікті тағамдарының бірі - кеспе мен бұқтырылған сиыр еті.

Мисао Окава Жер шарының ең қарт әйелі атағын 2013 жылы 117 жаста болған жапондық Дзироэмон Кимура қайтыс болған соң алды. Окаваның дәрежесі Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген.

Қазіргі кезде Жер шарындағы ең қарт ер адам - Жапонияда тұратын Сакари Момои: 5 ақпанда ол 112 жасқа келді.

Соңғы жаңалықтар