20:16, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Жер шарындағы ең қарт ер адам анықталды
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Жапонияның тұрғыны Кимура Дзироэмон ғаламшардағы ең қарт ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 115 жастағы қария жер шарындағы ең қарт ер адам атанды, деп хабарлады Lifenews.
Кимураның үйінде ресми марапаттау рәсімі болып, оған серфикат табыс етілді.
Осылайша, Кимура ресми түрде әлемдегі ең ұзақ өмір сүріп келе жатқандардың тізіміне қосылып, 3-ші сатыдан орын алды. Ол 90 жасқа дейін фермерлік шаруашылықпен айналысқан. Ғасырдан да ұзақ жасап келе жатқан қария қазіргі уақытта денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасап тұруға тырысады.