Жер сілкінісі болжамының жаһандық моделі 2017 жылға қарай жасалмақ

Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша жер сілкінісі туралы мәліметтерімен бес жылдың зерттеу және талдау жұмыстары - OpenQuake моделінің алғашқы нұсқасы қазірдің өзінде ашық және қолжетімді, деп хабарлады РИА Новости.
«Жұмыс әлемдік ауқымда жүргізілуде. Нақты жұмыстар 2009 жылы басталды. Бүгінде бізде Еуропа мен Таяу Шығыстың осындай картасы бар, Оңтүстік Америка мен Африканың картасы жасалуда, олар келесі жылы шығады. 2017-2018 жылдарға қарай шын мәнінде жаһандық модельді жасап шықпақпыз», - деді Смолка Мәскеудегі Ресей ТЖМ базасында өткізіліп жатқан табиғи апаттар мен зілзала тәуекелдерін басқару жөніндегі халықаралық конгресте жасаған баяндамасында.
Оның айтуынша, интернетте қолжетімді ағымдағы нұсқа тұтас елдерге дейінгі әртүрлі ауқымдағы жерасты дүмпулерінің әртүрлі сценарийлері, өңірлік жер сілкіністері туралы ақпараттарды, қауіптер мен тәуекелдер бойынша жаһандық мәліметтер жинағын қамтиды. Оны жасаушылардың жоспарында өз моделін бүкіл әлемдегі жер сілкіністері мен төтенше жағдайларды жою жұмысы бойынша мамандардың практикасына енгізу көзделуде.
«Біздің өнімімізді қауіптерді бағалау үшін қазірдің өзінде пайдалануда, тәуекелдер моделі бірнеше елдер бойынша жасалған, соның ішінде ОАР мен Ұлыбританияның атом электр стансалары аудандары да бар... Біздер Ресейді де осы бастамаға қосылып, жер сілкінісінің жалпы картасын жасауға шақырамыз», - деп мәлімдеді Смолка.
Ол, сайып келгенде бұл жоба жел сілкінісі қауіптерінің ғана моделі емес, сонымен қатар неғұрлым елеулі индикаторларды: адам өлімі, азаматтардың қозғалысы, көші-қон ағындары, экономикалық шығындар, инфрақұрылвымдардағы залалдар тәуекелдерін болжауға да мүмкіндік беретінін атап өтті.