Жер сілкінісі кезінде АҚШ президенті гольф ойнап жүрген
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Жер сілкінісі кезінде АҚШ Президенті Барак Обама гольф ойнап жүрген. «Русская служба новостей» хабарлағандай, қазіргі таңда елдің мемлекет басшысы Массачусетс штатында орналасқан Мартас-Винъярд аралында демалып жатыр.
Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг хабарлады.
Барак Обаманың жанында жүрген президенттік тілшінің хабарламасында айтылғандай, аралда да жер дүмпулері тіркелген. Алайда Обама жер сілкінісін сезді ме, жоқ па, әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Американың Виргиния штатында сейсенбі күні 5,9 балдық жойқын жер сілкінісі болған.