Жер сілкінісінен кейін сел және көшкін қаупі бар аумақтар тексерілді

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Қазселденқорғау
Фото: Қазселденқорғау

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Еске сала кетейік, Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.