Жер телімдерін алудың қиындығына байланысты ЖЭК жобалары іске аспай отыр - Экология министрі

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңартылатын энергия көздерінің нысанын салуға жер учаскесі ерекше жағдайда бөлінеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Министрдің айтуынша, елімізде жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше жобаларын салу негізінен жер учаскелерін осы мақсатта пайдалануға рұқсат алудың қиындығынан байланысты жүзеге аспай отыр. Мысалы, өзен алқаптары мен олармен іргелес жатқан орман қорына кіретін учаскелеріне шағын су электр стансаларының құрылыстары қиындықтарға ұрынып отыр. Бұл үшін шағын СЭС салу үшін ондай аумақта орналасқан жер учаскелерін орман қорынан шығарып, басқа санаттарға ауыстыру қажет. Дәл осындай қиындықтар жел электр стансаларын салуға байланысты да орын алуда.

«Жер кодексіне сәйкес, жердің нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты оны бір санаттан екінші санатқа ауыстыру Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға берілген. Алайда, кодексте жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысына белгілі санаттағы жерлерді бөлу көзделмеген. Сол үшін жаңартылатын энергия көздерінің түрлі нысандарын салу мақсатында ерекше жағдайларда жер бөлу бойынша толықтыру енгізіледі», - деді Н. Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар