Жер тұрғындары Айдың биылғы жылғы алғаш тұтылуын тамашалай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер тұрғындары алдағы түнде 2014 жылы бірінші рет Айдың толық тұтылғанын көреді. Бұл құбылыс 78 минутқа созылады.
Айдың тұтылуын арнайы аспапсыз елдің бәрі көре алмайды. Ай тұтылған кезде толықтай жоқ болып кетпейді, тек түсі қоңыр-қызғылт түске өзгереді. Бұл ол толық тұтылған жағдайда да жарық болып тұратынын көрсетеді.
Енді Айдың келесі тұтылуы 2014 жылғы 8 қазанда, ал одан кейін 2015 жылғы 28 сәуірде байқалады, деп болжанып отыр, деп жазады Правда.ру.