Жер тұрғындарын 30 аязды қыс күтіп отыр

Мельниковтың сөзіне қарағанда, температураның төмендеуі адам денсаулығына теріс әсер етпейді. Керісінше, академиктің пайымынша, күннің суытуы сынынан адамдар да, жануарлар да өтетінін айтты.
"Көне заманда, адамдарда суықтан сақтану жарақтары болмаған кезде қайғылы аяқталды. Жануарлардың кей түрлері қырылды. Алайда ол кездердегі аяздың ауқымы да, ұзақтығы да өзгеше болды. Оны қазіргі замандікімен салыстыруға болмайды", - деді ғалым.
АҚШ мұхит пен атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасының ғалымдары зерттеу жүргізіп, ресейлік синоптиктердің Жерге суық цикл келетіні жөніндегі болжамдары шындыққа жанасады деген тұжырымға келді. Алайда, олардың айтуынша температураның төмендеуімен қатар жаһандық жылу да орын алмақ, деп жазды Утро.ру .
Осыған дейін метеорологтар биылғы қыс мезгілінде ауа температурасы барынша нормаға сәйкес болатынын айтты. Ресейдің еуропалық бөлігінде өткен жылға қарағанда суығырақ болады, деді Ресейгидромет басшысы Александр Фролов.
Бұған дейін мұндай болжамды РФ Гидрометеорологиялық орталығының басшысы Роман Вильфанд айтқан еді. Оның сөзіне қарағанда, алдағы қыста қатты аяз болмайды.
Сонымен қатар Вильфанд болжам өзгеруі мүмкін екенін жеткізді. Оның дәлдігі тек 70% құрайды екен.