Жерар Депардье екі арыстанды атып, етін жеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі француз актері Жерар Депардье британиялық Independent Magazine журналына берген сұхбатында қыркүйек айында Африкаға барған кезінде екі арыстанды өлтіріп, кейін оның етін жегенін айтты, деп жазады Би-би-си.
None
None

Актер оларды өз-өзін қорғау үшін атқанын жеткізді.

«Біз Буркина-Фасо деген жерде тұрып қалдық. Алдымызда екі арыстан қозғалмай тұрған. Бірнеше сағат өтсе де, біз көліктен шыға алмадық. Біздің африкалық жүргізушіміз қатты қорқып кетті. Жануарларды өлтіруден басқа амал болмады», - деді Жерар Депардье.

Соңғы жаңалықтар