Жерар Депардье француз азаматтығынан бас тартты
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемге танымал актер Жерар Депардье француз азаматтығынан бас тартты.
Бұл туралы ол елдің премьер-министрі Жан-Марка Эйроға жолдаған хатында мәлім етті, деп жазды бүгін "Журналь дю диманш" газеті.
Осы аптаның басында Депардьенің Франциядан Бельгияға қоныс аударғаны белгілі болды. Ол Эстемпюи (Эно провинциясы) коммунесінде француз-бельгия шекарасында орналасқан Нешан қаласына қоныс аударған.