Жерар Депардье мен Мария Кожевникова Сочидағы Олимпиада жайлы фильмде ойнайды

АСТАНА. 21 маусым. Ресей азаматтығын алған актер Жерар Депардье Сочидегі Олимпиада туралы фильмде басты рөлде ойнайды. Басты әйел рөлі РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Мария Кожевниковаға беріледі. Бұл жөнінде «КоммерсантЪ» газетінен хабарлады.

Жерар Депардье мен Мария Кожевникова Сочидағы Олимпиада жайлы фильмде ойнайды

Жерер Депардье Сочидегі Олимпиада қарсаңында тау шаңғысы бойынша Ресей ерлер құрама командасының нәтижелерін жақсарту мәселесін шешу үшін шақырылған спорттық директор Сергей Романовтың бейнесін сомдайды.

Фильмның режиссерлері - австриялық Отто Ретцер мен ресейлік Александр Ломакин. Фильмның қаржысы 3 миллион еуроны құрайды.