Жерар Депардье Парижде көлік апатына ұшырады
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Скутерді мас күйінде жүргізген актер Жерар Депардье жол-көлік апатына ұшырады.
Полициядағы дереккөздің айтуынша, атақты кино жұлдызы зардап шеккен жоқ, басқа көліктік құралдармен соқтығысу болмады. Оқиға Париждің 17-ші округінде орын алды.
Тағы бір айтар жайт, өткен жазда Депардьеның мотороллері жеңіл көлікпен соқтығысқан болатын. Бұдан кейін жүргізушілер өзара керісіп қалған. Өзінің оғаштау мінезімен танымал 63 жастағы актер қарсыласын бірнеше рет бетінен ұрған. Жәбірленген азамат полицияға шағым берді.