Жерар Депардье жекеменшік әуе компаниясын құрды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бельгияда тұратын белгілі француз актері Жерар Депардье жекеменшік әуе компаниясын құрды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Жерар Депардье жекеменшік әуе компаниясын құрды

Әртіс әуе компаниясын өзі бір аттас фильмде рөлін сомдаған француз ақыны Сирано де Бержерактың құрметіне «Cyran R» деп атаған. Әуе компаниясының әуе флотында актердің өзіне тікелей тиесілі бизнес-кластың бір ғана ұшағы бар. Ж.Депардье өз авиалайнерін оны жеке мақсатта пайдаланбаған кезде жалға бермекші екен.