Жерар Гоу «Қайрат» командасынан кететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайраттың» Ивуарлық шабуылдаушысы Жерер Гоу командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жерар Гоу «Қайрат» командасынан кететін болды

«Мен қазақ халқынан бастап, барлығына алғыс айтқым келеді!. Мен Сіздердің барлықтарыңызды жақсы көремін. Сіздер мені өз жақындарыңыздай етіп қабылдадыңыздар. Футболға тәнті азаматтарға, Қазақстанның футбол федерациясына рахмет! Мен бізді қиын-қыстау күндерде де, қуанышта қолдап келген барлық жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. Менің барлық әріптестеріме мың алғыс. Біз барлығымыз бірігіп, жанкүйерлердің көңілі үшін, қазақстандық футболдың деңгейін көтеру үшін жұмыс істедік. Мен «Қайратты» ешқашан да ұмытпаймын. Әсіресе клуб президентін, ол мені өзінің баласындай қабылдап, футбол ойнап, өзімнің мүмкіндігімді көрсетуге жағдай жасады. Мен осы хабарлама арқылы «Қайрат» командасына жолымыздың айырылысатынын жеткізгім келеді. Мен қазақ футболына қуаныш сыйлау үшін әлі ораламын деген үміттемін»,-деп жазды Гоу.