Жерасты дүмпулер каупі салдарынан мыңдаған жапондық үйін тастап кетіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі жаңа жер сілкіністерінің болу қаупіне байланысты шамамен 250 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр, деп хабарлады Би-би-си.
Өткен аптада Кюсю аралында болған екі қуатты жер сілкінісі кем дегенде 42 адамның өмірін қиды.
Жапониялық метеорологиялық агенттік алдағы күндері жаңа жерасты дүмпулері болуы мүмкін екенін ескертті.
Жапониялық Қызыл крест өкілдері Би-би-си агенттігіне уақытша паналарға қосымша ақ халаттылар командаларын бағыттап жатқанын хабарлады.
Жапониядағы жер сілкіністері салдарынан мыңнан астам адам жапа шекті, көптеген ғимараттар, жолдар мен көпірлер қирады.
Ең кемі 11 адам із-түзсіз жоғалған болып саналады.