Жерде 20-21 қыркүйекте магнитті дауыл болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қыркүйекте Күн бетінде орташа деңгейдегі жарылыс орын алды. Салдарынан корональды масса бөлініп, радитолқындық шағылысу орын алды. Осы себепті ғалымдар 20-21 қыркүйекте Жерде магнитті дауыл болады деп болжап отыр, - деп мәлімдеді РИА Новости.

Жерде 20-21 қыркүйекте магнитті дауыл болады

ҚГИ болжамына сәйкес, 20-21 қыркүйекте Күн бетіндегі жарқыл белсенділігі төмен болады деп күтілуде. М сыныпты жарқыл (Күн бетіндегі жарылыс) болуы мүмкін. Рекурренттік корональдық ойықтан жылдам ағынның келуіне байланысты геомагниттік алаң тұрақсыз болуы мүмкін.

Фото: © NASA/ SDO