Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 10 қазан күні кешке басталған магниттік дауыл соңғы үш айдағы ең күшті құбылысқа айналды, деп хабарлайды ТАСС.

Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді
Фото: ТАСС

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мамандары мәлімдеген. 

— Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл болып жатыр. Мұндай күшті магниттік дауыл соңғы рет 2026 жылғы 4 шілдеде байқалған, — делінген хабарламада.

Ғалымдардың айтуынша, геомагниттік ауытқуларға апта басында Күн белсенділігінің күрт артуы салдарынан ғарышқа тараған плазма бұлттарының Жерге жетуі себеп болған.

Қазір магниттік дауылдың қарқындылығы 5 балдық шкала бойынша G3 деңгейіне жеткен. Бұл — күшті магниттік дауыл санатына жатады.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Күнде қуатты жарқыл тіркелген болатын.