Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жердегі ең алып гүл гүлдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда ғаламшардағы ең алып гүл гүлдеді. Оны қызықтағысы келетіндер гүлдің небары 72 сағат гүлдейтінін білуі тиіс, деп жазады naked-science.ru.

Жердегі ең алып гүл гүлдеді

Мейзе қаласындағы ботаникалық бақ аумағында ғаламшардағы алып гүл гүлдеді. Оның атауы -  Алып аморфофаллус (Amorphophallus titanum). Гүлдің биіктігі - 1,9 м, ал салмағы -  18 келі. Негізі оның ұзындығы - 2,5 м, ал ені  - 1,5 метрге дейін жетуі мүмкін.

 Amorphophallus titanum гүлі бес-он жылда бір рет қана небары 72 сағатқа гүлдейді. Алайда одан өлген балықтың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады.