13:50, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Жердегі ең бақытты халық - финдер
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Британдық Legatum орталық жыл сайынғы «бақыт рейтингін» таныстырды, деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Бұл жолы әлемдегі ең бақытты жандар - финдер, ал ең бақытсыздар Йемен, Судан және Зимбабве тұрғындары болып шықты.
Legatum халықтың материалдық әл-ауқаты, өмір сүру сапасы, білімі, жеке еркіндігі және қауіпсіздік сияқты бақытты өмірдің 79 көрсеткішін негізге алып, «бақыттылар рейтингін» жасап отыр. Рейтингте барлығы 104 ел қамтылған.
Алғашқы ондыққа қалыптасқан дәстүр бойынша скандинавтар, атап айтқанда, норвегтер, даниялықтар, шведтер, швейцарлықтар, сондай-ақ Жасыл құрлық тұрғындары кіріп отыр.