Жердегі ең бойшаң адам Түркиядан табылды
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат -Түркия азаматы, 27 жастағы Сұлтан Косен әлемдегі ең бойшаң адам деп танылды. Оның бойы 2 метр 47 сантиметрді құрайды.
Осы фактіні Гиннестің Рекордтар кітабына тіркеу үшін Косенді Лондонға шақырып отыр. Түріктің «алыбы» балдақпен жүреді, себебі оның дене салмағынан тізе буындары әлсіреген, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі.