16:10, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Жердің ең қарт тұрғыны 116 жасқа толды
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Планетаның ең қарт тұрғыны жапондық Дзироэмон Кимура өзінің 116-шы туған күнін тойлап жатыр.
ВВС мәліметіне қарағанда, ол 1897 жылы туған және XIX ғасырда дүниеге келген Жердегі 12 адамның бірі болып табылады.
Атап айтқанда, аталған 12 адамның ішінде ол жалғыз ер азамат. Жапонияда жасы 100-ден асқан 51 мың адам өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар 115 жастағы ең қарт кейуана Мисао Окава да Жапонияның тұрғыны болып табылады.