Жердің ең қарт тұрғыны Уолтер Бренинг Гиннестің рекордтар кітабынан құттықтаулар қабылдады

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Монтана штатының бір тұрғыны кеше, қыркүйектің 21-інде өзінің 114-ші туған күнін атап өтті.
None
None

Уолтер Бренинг Жер бетіндегі ең қарт ер азамат саналады. Сондықтан да, оны осынау кезекті туған күнімен тек Монтана губернаторы ғана емес, Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері де құттықтады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Қария 1896 жылы қыркүйектің 21-інде Миннесота штатында туған, ал Монтанаға 1918 жылы көшіп келген. Ол 50 жылдай уақыт "Грейт нозерн рэйлуэй" теміржол компаниясында жұмыс істеген. Ол кісінің зайыбы Агнес 1957 жылы дүниеден озған. Балалары болмаған.

Соңғы жаңалықтар